in

Қазақстан футзал құрамасы Вьетнамнан ұтылып қалды

Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Вьетнаммен жолдастық кездесу өткізіп, жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

Гол авторлары:

1:0 –  Ту Минь Куанг

1:1 –  Кәрменов

2:1 –  Чау Доан Фат

3:1 –  Хо Ван И

4:1 –  Динь Конг Вьен

Бұл –  жоспарланған екі жолдастық кездесудің алғашқысы. Екінші матч 15 сәуірге жоспарланған.

Аталған ойындар FIFA күнтізбесіне сәйкес өтуде. Осыған байланысты ұлттық құрама 8-16 сәуір аралығында оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз