Әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың тұңғышы мектеп бітірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Жұлдыз Әбдікәрімова желіде видео жариялап, қызына деген тілегін жеткізді. Бейнежазбадан мектеп түлегінің қуаныш пен толқу қатар жүрген сәттегі сезімі, ата-ананың сол кезге куә болғаны көрінеді.
«Сезім қызым! Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай. 11-сынып атанғаннан бастап менің толқуым бір сәтте сейілген емес. Иә, мойындаймын… Ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым! Құрметті түлектер, ақ жол!» – деп жазды актриса.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.