Шектеулер Оңтүстік және Батыс Қазақстан облыстарында 31 тамызға дейін, ал солтүстік пен шығыс өңірлерде 15 тамызға дейін жалғасады.
«Жоғары температурада асфальт жамылғысы жұмсарып, ауыр жүктемеге төтеп бере алмайды», – дейді мамандар. Бұл өз кезегінде жол жабынының бұзылуына, ойықтар мен ақаулардың пайда болуына әкеп соғады.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүк тасымалдаушыларды белгіленген тәртіпті сақтауға және жол жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.