in

Түркияда жойқын жер сілкінісінен 69 адам зардап шекті

Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Елдің Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша табиғат апатынан 1 адам қаза тауып, 69-ы жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.

Үрейі ұшқан тұрғындардың кейбірі жоғары қабаттан секірген. Салдарынан 14 жастағы жасөспірім көз жұмды.

Зілзала ошағы Жерорта теңізінде 68 шақырым тереңдікте тіркелді. Дүмпудің қуатты болғаны сонша, Түркияның бірқатар қаласында сезілген. Измирде 6,2 балл, ал Мұғлада 5,8 балл болған.

Инфрақұрылымдардың бүлінгені жайлы ақпарат жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.