in

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары қамауға алынды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарады. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары әшкереленді. Ол халыққа медициналық қызмет көрсету үшін бөлінген 400 млн теңгеден астам қаражатты жүйелі түрде ұрлады деген күдікке ілінді, – делінген хабарламада.

Агенттік акционерлік қоғамның және оның Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен жасалған жемқорлық әрекеттерді анықтады. Бұл әрекеттер медициналық ұйымның «Damumed» ақпараттық жүйесі арқылы жасалған. Яғни, ақпараттық жүйеге Өскемен қаласының тұрғындарына медициналық «қызмет көрсетілді» деген жалған мәліметтер енгізілген. Осындай 30 мыңнан астам тіркеу анықталды. Іс жүзінде медициналық қызметтер көрсетілмеген.

Күдікті қамауға алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.