in

Лидия Кәденова немерелі болды

Актриса Лидия Кәденованың ұлы, елімізге танымал жүргізуші, шоумен Дидар Кәден тағы да әке атанды. Ол бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды,  – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

“Сүйінші! Биіктен көрінгендей бүгін белгі, Бір шаттық кернеп жатыр шын іргемді. Өмірді тағы бір рет ұғындырып, Тәңір маған тағы бір ғұмыр берді. Шыр-пыр боп, той тойлатып жүргенімде, Шыр етіп дүниеге ұлым келді”, – деп жазды ол желідегі парақшасында жұбайымен түскен суретін жариялап.

Айта кетейік, бұл – өнер иесінің үшінші перзенті. Оның бірінші некесінен ұлы бар. Мына сәби екінші некесінен туған.