in

Рыпакова Оңтүстік Кореядағы турнирде жүлдегер атанды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяның Йечхон қаласында өтіп жатқан ірі Korea Open Athletics Meeting турнирінде күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшы ұзындыққа секіру сайысында екінші орынға ие болды.

Анастасия өзінің үздік нәтижесінде 5.92 метрге секірді.

Бірінші орынды оңтүстіккореялық Ю Чон Ми (6.04 м) иеленсе, қола жүлде Таиланд спортшысы Паринья Чуаймаруэнгке (5.54 м) бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.