in

«Ролан Гаррос»: Анна Данилина жеңіске бір қадам қалғанда сүрінді

Өкінішке қарай, ол Франция ашық чемпионатының финалында жеңіліп қалды.  

Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетіп, олимпиада чемпиондары – италиялық Сарра Эррани мен Жасмин Паолиниге есе жіберді.

Финалдық матч 6:4, 2:6, 6:1 есебімен қарсыластарының пайдасына аяқталды.

Еске салайық, Анна Данилина өз мансабында «Үлкен дулыға» жарысының финалына үшінші рет шықты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.