in

Ислам Сәтпаев нысана көздеуден үздік ондыққа енді

2024 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Мюнхенде (Германия) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде үздік ондыққа енді, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, Сәтпаев 50 метр қашықтыққа шағын калибрлі мылтықпен үш қалыпта ату бойынша жарыстың финалына шықты.

Шешуші сайыста ол 419.1 ұпай жинады. Нәтижесінде Ислам алтыншы орынға тұрақтады.

Жарыс жеңімпазы – норвегиялық Джон-Херманн Эгг (464.1 ұпай).

Күміс жүлдені ресейлік Илья Марсов (462 ұпай), ал қола жүлдені чехиялық Жири Привацки (452 ұпай) иеленді.

Айта кетейік, осыдан бір күн бұрын 10 метрге пневматикалық тапаншамен ату сайысында Қазақстан атынан сынға түскен Валерий Рахымжан екінші орын алған болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.