in

Иран Израильге жүздеген зымыранмен соққы жасады (ВИДЕО)

Маусымның 13-інен 14-іне қараған түні Иран “Қатаң жаза” атты операция басталғанын хабарлады, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Ғаламторда жарияланған мәліметтерге сәйкес, Иран Израильге екі толқынмен 100-ден 300-ге дейін баллистикалық зымыран жіберген.

Mash Telegram арнасының дерегінше, Израильдің әуе қорғаныс жүйесі соққылардың тек жартысын ғана тойтара алған. Кейбір мәліметтер бойынша, екі зымыран Қорғаныс министрлігінің ғимаратына түскен.

Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац: “Иран бұл ойраны үшін жауап береді”, – деп мәлімдеді. Алайда ел үкіметі тарапынан ресми мәлімдеме әлі жарияланған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Израиль Иранға шабуыл жасап, бірқатар әскери басшылар мен ғалымдарды өлтірген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз