Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлерін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Қазақстан Республикасының Израиль мемлекетіндегі елшілігінің ақпаратына сүйеніп.
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына Тыл қолбасшылығының нұсқауларын (https://www.oref.org.il/ru) сақтауға, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұрайды, – делінген хабарламада.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері мен елшіліктің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp).
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.