Ауыр атлетикадан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Алмас Өтешов жаңа қызметке тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қызылорда облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Б.Артаевтың бұйрығына сәйкес, 12 маусымнан бастап Алмас Өтешов басқармаға қарасты “Олимпиадалық резерв даярлау орталығы” КММ директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Алмас Дәулетярұлы – Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан 2 дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.
Осы уақытқа дейін яғни бес айға жуық басқармаға қарасты “Мұз айдыны” мекемесінде әдіскер болып қызмет атқарды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.