in

«Ахмет Жұбановтың бір сөзімен оқуға түстім»: Асанәлі Әшімов өткенін еске алды

Қазақ өнерінің корифейі, төл өнеріміздің төлқұжаты – Асанәлі Әшімов. Тарих бетінде таспаланған «Қыз Жібек», «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» және тағы басқа фильмдегі рөлдері – Асанәлі Әшімовтің актерлік қуатын танытқан шығармашылық белес. Таяуда “Айқын” авторы туған күніне орай Асанәлі Әшімовтің жұмыс кеңсесіне іздеп барып, аңыз адаммен әңгімелесті

Өнер – мен үшін тағдыр. Мен мектепте суретші болуды арманда­дым. Бірақ онымен қайда баратын­ым­ды білмедім. Бала кез­ім­де актер боламын деп өмірі ар­мандаған емеспін. Тағдыр мені аяқ астынан актерлік жолға қарай ба­ғыт­тады. Кезінде Мәскеуде оқуын тәмамдап келген режиссер Асқар Тоқпанов актерлік бөлім ашып, студенттер қабылдамақшы болды.  Сол уақытта менің қасым­да сыныптас досым Райымбек (актер Райымбек Сейіт­метов – ред) деген жігіт болған. Екеуіз қай оқуға тапсыратынымызды шешпе­сек те, бір мәнісі болар деп Алма­ты­ға қарай жол тарттық.

Сол уа­қытта «Казахстанская правда» газетіне консерватория жанынан театр және кино актерлерін даяр­лайтын актерлік бөлім ашылатыны туралы хабарландыру жарияланды. Райымбек хабарландыруды көрген соң қабылдауға алып-ұшып барды. Асқар Тоқпанов Райымбекті бір­ден қабылдапты, тіпті топтың старос­тасы етіп сайлап қойыпты. Соны­мен, Асқар Тоқпанов оқуға жаңа қабылданған жігітке: «Оқуға түспей жатып бастық болдың. Жу­майсың ба?» дейді.

Бір күні Рай­ым­бек Асқар Тоқпановты үйге ертіп келген шақта оның көзі маған түседі. Сол сәтте ол маған «Бала, сен қайда оқып жүр­сің?» деп сұрақ қойды. Мен «Сел­хозда» деп жауап қаттым. Біраздан кейін ол «Әй, Райымбек, мына баланы дайындап, ертең емтиханға алып кел» деді. Менің талантым жоқ, домбыра тартып, ән айта ал­май­­мын. Енді әртістер солай болуы қажет деп ойлап жүрмін ғой. Асқар қолын бір-ақ сілтеді. «Азар болса қазақта бір агроном кем болар» деді. Сонда көрген көз жүріс-тұры­сы­мнан, сөзімнен бір нәрсені көрген болуы қажет. Содан кейін Райымбек маған режиссер болып, «Жас гвар­дия» деген романнан Олег Кошев­ойдың монологын түні­мен жаттат­қызды.

Ертеңіне консерваторияға бардық. Емтихан уақытында монологты дұрыс айта алмадым. Әйтеуір, бар дайындығы­мыз­дан шыққан өнерді көрсеттік. Комис­сияда отырған төрт адам онша болмаған соң ұната қоймады. Бірақ олардың арасында отырған бір адам «Бала жас қой, әлі үйрене­ді» деді. Ол – Ахмет Жұбанов еді. Ахаңның сол бір сөзімен актерлік факультетке түсіп кеттім.

Сұхбатты мына сілтемеден толық оқи аласыз.