in

Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Будапешттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

14 маусымда Қазақстан атынан тек Ғұсман Қырғызбаев (66 келіге дейін) татамиге шығады.

Дзюдошы алғашқы белдесуін өткізіп үлгерді. Ол қытайлық Сюэ Цзыянды жеңді.

Келесі айналымда Қырғызбаев түркиялық Мухаммед Демирель мен израильдік Гай Гутман арасындағы белдесудің жеңімпазымен кездеседі.

Аталған сайыста қыздар арасында 48 келі салмақта Әбиба Әбужақынова күміс медальды иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.