in

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Жандос Нұрланұлы Шаймарданов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz  Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жандос Шаймарданов еңбек жолын 2009 жылы Экономика және жоспарлау министрлігінде бас сарапшы болып бастаған.
«Самұрық-Қазына» АҚ менеджері (2010-2013)
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі (2013-2014)
Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментінің директоры (2014-2016)
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ департамент директоры, басқарушы директоры (2016-2019)
«QazTech Ventures» АҚ Басқарма төрағасы (2019-2020)
ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты департаментінің директоры (2020-2022)
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы (2022-2023)
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы (2023 жылғы 16 қыркүйектен бастап) қызметтерін атқарған.

«Болашақ» стипендиясы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін «Экономика және қаржы» мамандығы бойынша бітірген (2009 ж).

Испаниядағы IE университетінде Бизнес-талдау және Big Data магистрі дәрежесін алған (2020 ж).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.