in

Қазақстан құрамасы волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионы атанды

Ойын нәтижесінде  3:2 есебімен жеңіп, өз тарихында алғаш рет Азия чемпионы атанды.

Жарыс барысында Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Сауд Арабиясы, Жапония және Аустралия командаларын, ал жартылай финалда Таиланд құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңді.

Чемпионат қорытындысы бойынша, бірінші орынды Қазақстан, екінші орынды Қытай және үшінші орынды Таиланд құрамасы иеленді.

Сондай-ақ чемпионат барысында жоғары шеберлік көрсеткен ұлттық құраманың бірнеше ойыншысы жеке марапаттарға ие болды. Эрик Каскабаев – үздік доп беруші, Шыңғыс Медеуов – үздік либеро, ал Алмат Оспанов – үздік блок қоюшы атанды.

Аталған нәтиже бойынша Қазақстан және Қытай құрамалары 2026 жылы Қытайда өтетін әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды.

Айта кетейік, волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионаты 6-15 маусым аралығында өтті. Жарысқа 8 ер  және 7 әйел  ұлттық командасы қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.