in

Иран жазалау операциясын бастайтынын ескертті

Сондай-ақ парсы елінің астанасына 1 сағат ішінде 25 снаряд бағытталған. Ирандағы құрбандар саны 224 адам. 1300-ге жуығы жараланған.

«Біз «Өр арыстан» операциясының 5-ші күніндеміз. Иранның ядролық, баллистикалық және қолбасшылық орталықтарын жермен-жексен еттік. Иран режимі ядролық қаруға қол жеткізу үшін көптеген жылын сарп етті, миллиардтаған ақшаға нысандар тұрғызды. Біздің миссиямыз айқын. Біз қауіп-қатерді түбірімен жоюды көздейміз. Израиль бірнеше майданда күресіп жатыр. Ираннан бөлек, Газада 53 тұтқынды ұстап отырған ХАМАС-пен соғысып жатырмыз», – деді Израиль әскерінің ресми өкілі Эфи Дефрин.

Иран Израильдің солтүстік және оңтүстік бөлігін зымыранмен атқылады. Тель-Авив, Хайфа және Құдыс жақта жойқын жарылыстар естілген. Билік тұрғындарды бомбаханаға тығылуға қайта-қайта шақырып жатыр. Мәлімет бойынша Израильдегі құрбандар саны 24 адамнан әлі өзгерген жоқ. 500-ден астам кісі жараланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.