in

Алматыда Орталық Азиядағы тұңғыш Балалар ғылыми музейі ашылады

Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске асырылып жатыр.

Бұл Орталық Азиядағы тұңғыш интерактивті ғылыми кеңістік болмақ. Музей STEM бағытында (ғылым, технология, инженерия, математика) балалардың қызығушылығын оятуға, зерттеушілік қабілетін дамытуға арналған.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жоба Сингапур Ғылым орталығы және Kingsmen Exhibit компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.

Айта кетейік, музей 2026 жылы ашылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.