Актриса, әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші баласына гендер-пати жасауға қатысты ойын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса қазір үлкен қызының мектеп бітіруіне байланысты шаруасы көп екенін, алайда арнайы кеш ұйымдастыруға қарсы емес екенін жеткізді. Ол оқырмандарынан қызық идея ұсынуын өтінді.
«Ішімдегі бөпеме “Сабыр ет, асықпа. Сыртта жүрген балалардың шаруасын реттеп алайын. Мен – жалғызбын, ал сендер – бесеу болдыңдар” деп айтамын. Бұл туралы ойымда бар. Құдай қаласа, егер сіздер қызық идея ұсынсаңыздар, гендер-патиді бірге өткіземіз”, – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.