Садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Блоктық садақ атудан командалық сында ел намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамед Мұса және Бунед Мирзаметов қорғауда.
Ширек финалда ұлттық құрама Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті.
Ал жартылай финалда мергендеріміз Малайзияны бір ұпай айырмашылығымен – 232:231 есебімен жеңіп, шешуші кезеңге жолдама алды.
Финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.