in

Біздің ренессанс қазірдің өзінде басталып кетті – Мәулен Әшімбаев «Тоқаев моделі» туралы

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың “TURKISTAN” халықаралық газетінде “Реформалардың мәні – 3: ХХІ ғасырдағы ұлттың жаңа сапасы” атты мақаласы жарияланды. 

Мақалада М. Әшімбаев «Тоқаев моделі» деп қазақы мәдени кодты сақтай отырып, ұлтты біріктіруге бағытталған прагматикалық және біріктіруші тұжырымға келіп, бұл ұстаным бүгінгі ұрпақтың тарихи тамырын сақтап, бабалар аманаттаған рухани мұраны жаңа мазмұнда жандандыру міндетімен үндесіп жатыр дейді.

Ұлы бабаларымыз бізге жақсылық пен жа­мандықтың аражігін ажырату, қашанда әділ­дік пен ар-намысты ту ету, қарапайым әрі қайсар болу, білімге талпыну, жақынға қам­қорлық таныту, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсету, туыстық қарым-қатынасты үзбеу, Тәуелсіздікке ұмтылу, жаңашылдықты мең­геру, балалардың еркіндігі мен дұрыс мақсат сияқ­ты құндылықтарды баға жетпес мұра етіп қалдырды. Біздің ендігі міндетіміз – осы бай қазынаны әрі қарай дамыту және соның айналасына топтасу. Сол арқылы Ұлы Дала­ның жаңарған және мәңгілік жүрегінде бо­ла­шаққа лайықты ұлт қалыптастыру.

Біздің ренессанс қазірдің өзінде бас­та­лып кетті. Соның нәтижесінде ұлттың өсіп-өркендеуіне жаңа жол ашылды. Даңқты жауын­герлер мен саудагерлерден, ғалымдар мен ақындардан, хандар мен билерден, қо­ныс аударушылар мен жер аударылғандардан, ағартушылардан, Алтын Орда, Қазақ хан­ды­ғы, Алаш ордасы, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы дәуіріндегі зиялы қауым мен жұ­мысшылардан бізге жеткен ДНК код – со­ның кепілі, – деп жазған Сенат Төрағасы.