Блогер, әнші Абай Бегейдің қызы Гүлеркем Ниязқұлова өзіне дуа жасалғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, жақында ашқан мейрамханасынан түрлі заттар тауып алған.
«Ортасы түйілген, ұйысқан қалың шаш табылды. Сосын қағазға жазылған жазу мен ине таптым. Қазір камераны қарап, түріңді шығарамын! Қорықпай қалай жасадың? Несібе Алладан! Құдайдың қазынасы көп, саған да, маған да жетеді, уайымдамай ниетіңді түзе! Саған тиесілі ризық маған кетіп қалмайды, дәл солай маған тиесілі несібе мың дуалап ақшаңды құртсаң да, мүлде саған бұйырмайды! Алла – әділ!», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.