in

Бүгін елімізде ауа райы құбылмалы болады

Еліміздің солтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауса, шығысында, оңтүстік-шығысында бұршақ аралас жаңбыр жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша жел күшейіп, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Еліміздің көптеген өңірінде төтенше және жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада күн бұлтты, жаңбыр жауады. Ауа температурасы +24+26°С, желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз 23-28 м/с-ге жетеді.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы +31+33°С, желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, түнде екіпіні 18 м/с-ге жетеді.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы +34+36°С, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.