in

АҚШ B-2 бомбалаушы ұшақтарын Иранға жақын орналасқан әскери базаға жөнелтті

АҚШ әуе күштерінің B-2 Spirit жасырын бомбалаушы ұшақтары Миссуридегі Уайтмен әскери әуе базасынан ұшып шығып, Үнді мұхитындағы Диего Гарсия аралындағы стратегиялық базаға қарай бет алған, – деп хабарлайды  Аikyn.kz 

The UK Defence Journal деректеріне сәйкес, жанармай құю ұшақтары Канзас үстінде екі топқа бөлініп, бомбалаушылармен кездескен. B-2 ұшақтары бұған дейін құпия миссияларда қолданылған “MYTEE21” белгісімен ұшқан.

Қазірге дейін нақты әскери шабуыл болатыны туралы белгі жоқ. Алайда бұл әрекеттің Иранның ядролық бағдарламасына қатысты шиеленіскен жағдайда жүзеге асуы назар аударарлық.

B-2 Spirit – АҚШ әуе күштерінің ұзақ қашықтыққа жасырын шабуыл жасауға арналған стратегиялық бомбалаушысы. Ол ядролық және дәстүрлі қару тасуға қабілетті, 6 000 теңіз милінен астам қашықтыққа жанармайсыз ұша алады. Қарсылас радарларынан жасырыну қабілетінің арқасында, ол жоғары қорғалған нысандарға шабуыл жасауға арналған бірегей платформа.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз