in

«Жаңа адаммен жаңа үйде өмір сүремін»: Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығын жеткізді

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова баспаналы болғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі қуанышты жаңалығын жеткізіп, желіде видео жариялады. 

“Жаңа адаммен жаңа үйде жаңа өмір”, – деп жазды бейнежазбаға.

Актриса қиындықта қолдау білдірген оқырмандарына алғыс білдірді. 

“Бір жыл бойы қатты қиналғаныма, ауырғаныма, күрескеніме, кейбір жайттарды үнсіз жұтқаныма, жақынымнан көрген опасыздыққа, басыма келген сынағыма сынып кетпей, ешкімге жалынбай, жылап-сықтамай, ешкім жайында лям-мим демей, күл-талқан боп қирап жатқан жерімнен жинақталып, қайта тұрғаныма, эмоцияға берілмей сабырлық танытқаныма сіз – менің оқырманым, шынайы әрі мейірімді жанашырым куә болдыңыз! Мені қолдаған, дұғада болған әрбір жанға алғыс айтамын! Тілектеріңіз өздеріңізге, ұрпақтарыңызға еселеніп бұйырсын, – дейді актриса.

Айта кетейік, актриса әлдекімге алданып, баспанасынан айырылып қалған болатын. Содан кейін актриса үй дауына қатысты сотта екі рет жеңілгеннен кейін мәселені медиация тәртібімен реттеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.