Осы аралықта Тегеран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келуге тиіс. Өйтпеген жағдайда әскери күш қолданатынын ашық ескертті. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, президент Трамп Иранмен жақын арада келіссөз жүргізуге бейіл.
Сондай-ақ ол Тегеранның ядролық қаруға қол жеткізу қаупі әлі де бар екенін мәлімдеді. Конституцияға сай АҚШ-та тек Конгресс соғыс жариялауға құқылы. Яғни, Президент өз бетінше шешім қабылдай алмайды. Демек дәл қазір Ақ үй басшысының Иранға қарсы әскери операция бастауға мандаты, яғни билігі жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.