in

Азат Мақсұм UFC-де қатарынан екінші рет жеңіліп қалды

Қазақстандық файтер Азат Мақсұм Бакуде өткен UFC турнирінде ресейлік Тагир Ұланбековке есе жіберді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, төрешілер шешімі бірауыздан Т. Ұланбековтің пайдасына шықты. Ол — Хабиб Нурмагомедовтің командасының өкілі.

«Спорт Шредингера» Telegram арнасының хабарлауынша, жанкүйерлер бұл шешіммен келіспей, залда ысқырып наразылық білдірген.

Бұл Азат Мақсұмның UFC-дегі қатарынан екінші сәтсіз жекпе-жегі болып отыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз