Әлеуметтік желілерде 2026 жылдан бастап Газа секторының тұрғындарын кезең-кезеңімен эвакуациялау басталатыны туралы ақпарат тарады. Олар Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне көшіріледі. Бұл туралы Сауд Арабиясының тақ мұрагері мәлімдеген екен.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Тек ресми ақпаратқа сенуіңізді сұраймыз», – деп хабарлады ведомстводан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.