24 жастағы қала тұрғыны Рахимова Феруза өзінің алғашқы жүктілігінде екі ұл және бір қыз баланы өмірге әкелді. Сәбилер жүктіліктің 31-аптасында мерзімінен бұрын туылып, бастапқыда жағдайлары ауыр болған. Олар біраз уақыт аппараттың көмегімен тыныс алып, жансақтау бөлімінде дәрігерлердің жіті бақылауында болды. Дегенмен, білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен нәрестелер толық ем алып, салмақ қосып, еме бастады. Қазір анасы мен үшемдердің жағдайы жақсы. Қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мұстафа, Мұса, Хадия деп есім берген, – дейді басқарманың баспасөз қызметі.

in Жаңалықтар