in

Тараздағы саябақта жиырмаға жуық аттракцион құжатсыз жұмыс істеп тұр

Олардың қатарында құны 80 миллион теңге тұратын шолу дөңгелегі де бар. 2019 жылы «Жасыл ел Тараз» коммуналдық қызметі 2 гектар жерді жергілікті кәсіпкерге 3 жылға жалға береді. Кейін оның заңсыз екені анықталып, жер қайтадан мемлекет меншігіне қайтарылады.

Қала басшылығы аталған жер учаскесін аттракциондар мен өзге де түрлі қондырғылардан босатуды сұрап, кәсіпкерге хабарлама жіберген. Алайда ескертуді елемеген бизнесмен жер телімін пайдалануды жалғастырып, тіпті биыл өз бетімен шолу дөңгелегін еш құжатсыз орнатқан. Қазір шаһар басшылығы кәсіпкерді сотқа берді.

«Осы ағымдағы жылдың наурыз айында шолу дөңгелегін бастады. Біз сол бағытта әкімшілік тарапынан және де жергілікті полициямен бірге барып, 3 рет ауызша және жазбаша ескерту, жеке кәсіпкерге түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Құрылыс заңсыз екені, жер мемлекеттікі екені және құрылыс нормаларына сәйкес рұқсат алу керек екендігін. Ол бағыт бойынша да талап-арызымызда көрсетіп отырмыз», – деді Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.