in

Биыл 35 мыңнан астам жас маусымдық жұмыспен қамтылады

Бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны аясындағы азаматтық белсенділік туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Қоршаған ортаны қорғауға жұртшылықты тартуға ерекше назар аударылды. Министрдің айтуынша:

«Қоғамдық эко-бақылау» акциясына қоғамдық кеңестердің 4 мыңға жуық мүшесі қатысты. Бастама шеңберінде тарихи-мәдени мұра және туризм нысандарына мониторинг жүргізілді, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы абаттандыру мен қызметке қоғамдық бақылау ұйымдастырылды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам адам әлеуметтік желілердегі «10 экологиялық әдет» еріктілердің эко-челленджіне қосылды.  

Сондай-ақ «Таза жағалаулар» ауқымды эко-марафоны аясында бүкіл еліміз бойынша 80-нен астам іс-шара өткізілді.

Жастарға ерекше көңіл бөлінуде. 21 сәуірде Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясының белсенді қатысушыларына алғысхаттар табыс етті. 2025 жылы 35 мыңнан астам жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланып отыр.  Ал 2026 жылдан бастап инженерлік-техникалық, аграрлық, құрылыс және педагогикалық бағыттағы жастардың еңбек жасақтарының желісі кеңейтілетін болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.