in

«Маралдың сорпасы»: Қарақат Әбілдина ерекше ем алғанын айтты

Әнші Қарақат Әбілдина жазғы демалыстағы жаңалықтарын жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Ол Қатонқарағайға барып, түрлі ем алған. Айтуынша, Маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түскен.

“Қыдекең екеуміз Өскеменге мектеп ашуға келген сапарымызда Қатонқарағайға соға кетуді жөн көрдік. Бұл мекен ем іздегенге шипа, шаршағанға сая екен. “Көкшетау – адамның қасы болса, Қатон – шашы” деп жергілікті халық әзілмен астарлап, әдемі теңеу айтады. Шынымен де сұлулықтың шыңы, табиғаттың айнасы десе болады. Телефонды сөндіріп, табиғатпен үнсіз тілдесудің өзі нағыз медитация емес пе?! Саф ауа, самал жел, жайқалған орман, таудың тынысы бәрі жанды тыныштандырып, бойға қуат береді. Маралдың мүйізінен дайындалған сорпаға түсіп, буын-буынға шипа алдық. Жай ғана демалыс емес, рух пен тәннің қайта түлеуі болды, – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.