in

Қазақстан бойынша 30 маусымға арналған дауылды ескерту

Төтенше жағдайлар министрлігі  30 маусымға арналған Қазақстан бойынша дауылды ескертулер мен негізгі қауіптер туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның айтарлықтай бөлігінде бүгін жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік пен шығыстың кей жерлерінде қатты жауын-шашын, бұршақ болуы мүмкін, ел бойынша жел екпіні – 28 м/с дейін. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікті тұман басады. Ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылдар күтілуде. Өрт қаупі көптеген аймақтарда, әсіресе елдің оңтүстік және орталық бөлігінде жоғары және төтенше болып қала береді. ТЖМ абай болуды және қолайсыз ауа райында ашық жерлерден аулақ жүруге кеңес береді!, – делінген арнайы  хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.