in

Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

“Қазгидрометтің” мәліметінше, бүгін Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында ыстық және құрғақ ауа райы күтілуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Еліміздің көп бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Желдің күшеюі күтілуде, батыста, шығыста бұршақ жауып, шығыста – дауыл болады.

Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер ыстық, өрт қауіптілігі және басқа да қауіпті ауа райы құбылыстары туралы ескертеді, – делінген министрліктің арнайы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.