Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы маусымда тұтыну бағаларының индексі 0,8%-ға төмендеген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаздың алғашқы айларында бағасы айтарлықтай төмендеген азық-түліктер қатарында:
қияр – 19,5%-ға
орамжапырақ – 18,1%-ға
қызанақ – 15%-ға
сарымсақ – 8,4%-ға
банан – 3,4%-ға
жұмыртқа – 3%-ға арзандаған.
Сонымен қатар, бірқатар тауарлар қымбаттаған:
балмұздақ – 1,9%-ға
йогурт – 1,6%-ға
жаңғақ – 1,5%-ға
рулет пен кекс – 1,3%-ға
кондитер өнімдері мен салқын сусындар – 1%-ға,
шұжық пен сарделька – 0,9%-ға қымбаттаған.
Қызмет көрсету саласында да өзгерістер тіркелді:
ыстық су тарифі 6,2%-ға төмендеді.
фотоқызметтер – 3,3%-ға,
мерекелік шараларды ұйымдастыру – 2,8%-ға,
теледидар жөндеу – 2,4%-ға,
тұрғын үйге техникалық қызмет көрсету – 1,4%-ға,
сұлулық салондарының қызметтері – 1,3%-ға өсті.
Жылдық көрсеткіш бойынша:
қарақұмық – 9%-ға,
күріш – 8,3%-ға арзандады.
Ал алмұрт – 11,3%-ға,
консервіленген жүгері – 10,8%-ға,
шырындар – 10,4%-ға қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарларының ішінде блендер бағасы 7,8% өсті.
2024 жылғы маусыммен салыстырғанда өткен маусым айында кабельдік телевизия қызметтері 2,2% жоғарылаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.