in

Балжан Бидаш 13 жыл сәби күткен ананың арманын орындады

Әнші Балжан Бидаш тыңдарманының арманын орындау үшін Ақтау қаласына барды , – деп жазды Aikyn.kz.

Ол көп жыл балалы болуды армандаған ананың тілегін орындап, қызының тұсауын кескен. Әншіге сәбидің анасы өтінішін жеткізген.

“Сізге қызымның тұсауын кестіріп алайыншы. 13 жыл балалы бола алмай, Алла Тағаланың мейірімі түсіп, 13 жылдан кейін тапқан Бағым қызым”, – дейді баланың анасы.

Әнші ананың өтінішін орындады. 

 “13 жыл бойы жүрекпен күткен періште. Көзіндегі жасы да, күлкісі де өмірдің шынайылығы. Әр басқан қадамы берекелі, бағы ашық болсын, балапан! Ақтаудағы мейірім мен махаббат үшін рақмет!”, – деп жазды Балжан Бидаш.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.