in

“Қола медаль қолда”: Алуа Балқыбекова бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Алуа Балқыбекова бокстан Астанада өтіп жатқан әлем кубогының жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, жерлесіміз 51 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Жапония боксшысы Юна Нишинакамен қолғап түйістірді. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Осылайша, отандасымыз кем дегенде әлем кубогының қола медалін өзіне қамтамасыз етті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.