Бүгін Рудничный ауылында Бас прокурор Берік Асылов жаңа мектеп құрылысында «уақыт капсуласын» орнату салтанатты рәсіміне қатысты.
Берік Асылов Жетісуда заңсыз алынған активтерді қайтару бойынша Бас прокуратураның жұмысы аясында мемлекетке қайтарылған қаражатқа маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.
Ауылдық жерлерде 22 нысан, оның ішінде мектептер, медициналық мекемелер мен сумен жабдықтау жүйелері салынуда. Бұл жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Қайтарылған активтер қоғамының игілігіне жұмсалуда. Жалпы ебойынша барлығы 406 әлеуметтік және коммуналдық нысан салынуда, оның ішінде 230 – сумен жабдықтау, 162 – медициналық, 10 – білім беру және 4 – спорт нысаны.
Бас прокурор мен салтанатты шараға қатысушылар жергілікті тұрғындарды құттықтап, жаңа мектеп оларға мемлекет жүргізіп жатқан активтерді қайтару жұмыстарының пайдасын іс жүзінде сезінуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Бас прокурор Талдықорған қаласында халықпен кездесуінде сондай-ақ «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау Мемлекет басшысы әділ және қауіпсіз қоғамның негізі ретінде белгілеген мемлекеттік саясаттың басымдығы болып табылатынын атап өтті.
Қорытындылай келе, оң өзгерістердің барлығы облыстың әрбір тұрғынының гүлденуіне ықпал етсін деген тілек білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.