in

«+40 °C дейін аптап ыстық болады»: 7 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бірақ кейбір жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады, жекелеген өңірлерде +40 °C дейін аптап ыстық болады деп болжанып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада күндіз – найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысында – найзағай, күндіз – бұршақ. Жел 20 м/с дейін күшейеді, өрт қаупі жоғары.

Солтүстік Қазақстан облысында – найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысында – найзағай, түнде және таңертең – тұман. Жел 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі бар.

Павлодар облысында – қатты жаңбыр, найзағай, күндіз – бұршақ және дауыл. Жел солтүстік-батыстан, түнде солтүстікте екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысында – найзағай, бұршақ, төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысында – найзағай. Күндіз – 35–37°C аптап ыстық, жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында – нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді, өрт қаупі жоғары.

Абай облысында батыста, солтүстікте және орталықта – найзағай, күндіз – бұршақ, дауыл. Жел батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, екпіні 23 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында – таулы аудандарда найзағай. Жел оңтүстік-батыстан солтүстікте, оңтүстікте және тауларда екпіні 15-20 м/с жетеді, өрт қаупі жоғары.

Жетісу облысында – жел екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Күндіз шығыста және солтүстікте – 35–37°C аптап ыстық.

Қызылорда облысында – шаңды дауыл. Жел солтүстіктен 15-20 м/с соғады. Күндіз 40°C аптап ыстық. Төтенше өрт қаупі бар.

Жамбыл облысында – солтүстік-батыстан жел 15-20 м/с жетеді. Облыс бойынша – төтенше өрт қаупі бар.

Ақтөбе облысында – жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысында – өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысында – күндіз орталықта найзағай. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен, екпіні 15 м/с дейін жетеді, жоғары өрт қаупі бар.