in

Назым Қызайбай бокстан әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Отандасымыз 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Назым Қызайбай әлем кубогының алтын медалі үшін үндістандық Минакшиға қарсы айқасты.

Тартысқа толы жекпе-жектің қорытындысы бойынша, Назым Қызайбай жеңіске жетті.

Осылайша, жерлесіміз Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.