Өңірде суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша Жол картасы іске асырылуда.
– Биыл жоспар бойынша суармалы жерлердің аумағы 8,7 мың гектарға ұлғайтылуы тиіс, алайда одан да ауқымдырақ етуге мүмкіндік бар. Суару кезінде өсімдік шаруашылығындағы өнімділік дақылға байланысты 4-тен 15 есеге дейін өседі. Біздің қауіпті егін шаруашылығы аймағында бұл өте маңызды. Жаңбырлатқыш машиналар қымбат, оған қоса инфрақұрылым тарту, бірақ өнімділіктің артуын ескерсек, шығындар өзін-өзі ақтайды. Мемлекеттік қолдау бар: жеңілдетілген несиелер және суару жүйелеріне жұмсалатын шығындардың 50% өтеу қарастырылған, – дейді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Әнуар Төлібеков.
Ол автоматтандырылған басқарылатын ең заманауи жабдықтар, ылғал сақтау технологиясы сатып алынатынын атап өтті.
Суармалы егіншілік көп жылдар бойы болмаған жерлерде қалпына келтіріледі. Қарқаралы ауданында Жарлы өзенінің жанында суармалы алқаптар болады. Жобаны «Атамекен» шаруа қожалығы іске асыруда. Қазірдің өзінде екі жаңбырлатқыш машина сатып алынды. Шаруа қожалығы мал шаруашылығымен айналысады, алдағы уақытта 400 басқа арналған сүт-тауар фермасын құру жоспарланған. Өз қажеттіліктері үшін жемшөп дақылдарын өсіреді.
Егер бұрындары жаңбырлату машиналарын тек картоп егістіктеріне ғана орнататын болса, енді одан әрі жылжыды. Суару жемшөп, май және дәнді дақылдарды өсіру үшін де пайдаланылады.
Суару саласындағы ең ірі жобалардың бірі Осакаров ауданының Родников ауылдық округіндегі Eurasia Invest компаниясы жүзеге асыруда. Кәсіпорын 6000 басқа арналған сүт-тауар фермасын салуда. Жем-шөп базасы меншікті болады. Суармалы жердің ауданы 10 мың гектарға дейін ұлғаяды.
Абай ауданының ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы өз тәжірибесімен бөлісті.
Біздің құрылғанымызға екі жыл толды, енді ғана дами бастадық. Қарағанды ауылдық округінде 300 га астам алқапқа арпа егілді. Әрине, біздің барлық мақсатымыз осы алқапты суаруға бағытталды. Мұрағаттарды зерттеп, мамандарды шақырдық. Жер асты көздері жоқ. Бірақ жанымызда Шерубай-Нұра өзені ағып жатыр, су жетуі тиіс. Биыл үш жаңбырлату машинасын сатып алып, орнатудамыз. Тағы үшеуін сатып аламыз деп жоспарлап отырмыз. Болашақта барлық алқапты толық суаруды көздеп отырмыз.
Жоғары маржиналды дақылдар: картоп, көкөніс өсіруге тырысамыз және міндетті түрде ауыспалы егіске көпжылдық шөптер – жоңышқа, түйіршік өсіреміз, – деді «Достық KAZ» ЖШС басшысы Василий Волошин. – АӨК дамытуға мемлекеттік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау жақсы: сөзбен емес, іс жүзінде көріп отырмыз. Бұл алға қарап, ұзақ мерзімді бағдарламалар құруға мүмкіндік береді.
Нұра ауданында да суармалы ауыл шаруашылығы алқаптары кеңейтілуде.
Бiрден бiрнеше шаруашылықта қосымша қазiргi заманғы суару жүйелерi орнатылады.