«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ соғуы мүмкін. Елдің қалған бөлігінде – антициклонның әсерінен ыстық ауа райы күтіледі. Шығыста жел күшейіп, күн күркірейді.
Синоптиктер жоғары және төтенше өрт қаупі туралы ескертеді. Атырау және Алматы облыстарында ауа температурасы + 35 ° C, Түркістан – + 40 ° C, Жетісу облысында – + 37 ° C болады деп күтіледі.
Осыған орай ТЖМ қауіпсіздік шараларын қатаң сақтап:
табиғатта ашық от жақпауға;
сөндірілмеген темекі тұқылын тастамауға;
құрғақ шөп пен қоқысты жақпауға кеңес береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.