Әнші, актриса Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасында оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі желі қолданушысының «Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз?» деген сұрағын жауапсыз қалдырмады.
«Баян Мақсатқызы таныстырды… Дәлірек айтсам, бұл – сол кісінің жобасы», – деп жазды Кәмшат Жолдыбаева.
Айта кетейік, Кәмшат Жолдыбаева күйеуі, актер Ғазрет Қажымұқанұлымен продюсер Баян Мақсатқызының «Рауза. Сакураның гүлдері» телехикаясында танысқан.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.