Ауыр атлетикадан Қазақстан жастар құрамасының өкілі Ерасыл Сәулебеков Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәулебековке тең келер ешкім болмады. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 344 (153+191) келі көтеріп, жарыста топ жарды.
ҚР ҰОК мәліметінше, екінші орынға өзбекстандық Бекзод Гофиржонов орналасты – 341 (151+190) келі. Үшінші орынды үндістандық Сайраж Пардеши иеленді – 338 (152+186) келі.
Айта кетейік, 8 шілдеде Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін Кира Данилова жасөспірімдер арасында чемпион атанған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.