in

Comic Con Astana-2025: 150-ден астам қазақстандық автор өз туындыларын ұсынды

Comic Con Astana-2025 аясында «Астана Арена» стадионында Авторлар аллеясы ұйымдастырылды. Бұл – Орталық Азиядағы ең ірі поп-мәдениет конвенті. Мұнда 150-ден астам қазақстандық автор өз туындыларын ұсынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 9-12 шілде аралығында «Астана Арена» спорт кешенінің ғимаратына келушілерге есік ашық. Комикс пен манга авторлары, иллюстраторлар, дәстүрлі техникада және цифрлық кескіндеме жанрында жұмыс істейтін суретшілер, крафтерлер мен видеоойындарға арналған концепт-модель жасаушылар – барлығы да биыл «Авторлар аллеясында» өз жұмыстарын ұсынды. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, авторлар аллеясы – Орталық Азиядағы ең ірі гик-фестиваль ComicCon Astana аясында дәстүрлі түрде өтетін маңызды шығармашылық платформа. Әдеттегідей, Авторлар аллеясында Уятмен мен атақты апашканың авторы Мұрат Дильмановтың жұмысы ұсынылған.

Сондай-ақ «Мы не супергерои» және «ДругаяМақтаҚыз» комикстерінің авторы Әлібек Қожагелдиев, аруақтар туралы комикстердің авторы malikatakira, жанкүйерлердің сүйіктісі Miloras, сондай-ақ OlegTsoy, Nevica_sipa және тағы да басқа көптеген автор өз туындыларын ұсынды. 

Аллеяда танымал және жас қазақстандық суретшілер мен қолөнершілердің жұмыстарын сатып алуға болады. Мұнда батырлар мен қазақ ертегілеріндегі мифологиялық жаратылыстар туралы комикстер, сондай-ақ комикс пен мангаға арналған балама тарихтар – додзинси, манга мен аниме бойынша фан-арттар, танымал топтардың бейнелері бар бейдждер, стикерлер, ашықхаттар мен постерлер, сондай-ақ видеойындар, фильмдер мен кітап кейіпкерлеріне арналған әшекейлер мен басқа да қолдан жасалған бұйымдар ұсынылған.

Биыл Авторлар аллеясында 150-ден астам қазақстандық автор өз жұмыстарын ұсынады. Comic Con Astana-2025 фестивалі Астана қаласы әкімдігі мен туризмді дамыту орталығы  Astana Tourism-нің қолдауымен өтуде. Фестиваль екі алаңда орналасқан:

📍 «Барыс Арена» – шоу-бағдарламаның негізгі орталығы. Мұнда халықаралық косплей байқауы өтеді, басты сахна орналасқан, онда автограф-сессиялар, Q&A және хедлайнерлермен кездесулер ұйымдастырылады.

📍 «Астана Арена» – тақырыптық стендтер, брендтік инсталляциялар, шағын сахна, ойын аймағы мен PopAsia аймағы орналасқан үлкен көрме алаңы.

Биыл фестивальдің жұлдызын танымал үш голливудтық хедлайнер жағады. 

•  Энди Серкис –  британдық актер және режиссер, motion capture технологиясының беткеұстары («Сақиналар әміршісі», «Маймылдар планетасы», «Жұлдыздар соғысы», «Бэтмен»).

•  Эсай Моралес – 40 жылдық мансабы бар Голливуд жұлдызы («Озарк», «Титандар», «Мисси невыполнима», «Ла Бамба»).

•  Скотт Эдкинс – актер және жауынгерлік өнер шебері («Неоспоримый» фильмдер сериясы, «Джон Уик 4», «Доктор Стрэндж», «Ип Ман 4»).

Фестиваль аясында «Бітім» (La Tregua) фильмінің тұсаукесері өтеді,  бұл – жаһандық прокат пен Netflix платформасына арналған Қазақстан мен Испания арасындағы алғашқы бірлескен киноөндіріс. Фильм КарЛАГ тарихының қайғылы беттері туралы баяндайды. Comic Con Astana-ға картинаның режиссері Мигель Анхель Вивас («Бумажный дом») пен продюсер Эмилио А. Пина (Premios Goya) арнайы қонақ ретінде келеді.

Бағдарламаның дәстүрлі бөлігіне айналған халықаралық косплей байқауы биыл да өтеді. Жүлде қоры –  15 миллион теңге. Шараға 75 000-нан астам қонақ келеді деп күтілуде, олардың кемінде 10 000-ы – шетелдік турист.