in

Ағысқа қарсы тұра алмады: Балқашта әйел жағаға жете алмай қалған

Қарағанды облысының Приозерск қаласында Балқаш көлінде 1995 жылы туған әйел суға батып кете жаздады. Қатты ағыс салдарынан ол жағаға өз бетімен қайта жүзе алмаған.

Оқиға кезінде әйел құтқару шеңберіне қарай ұмтылғанымен, су ағынына қарсы тұра алмай, орнында қалып қойған. Жағдайды байқаған құтқарушылар дереу әрекет етіп, әйелді судан шығарып, жағаға жеткізді.

Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Медициналық тексеруден өтуі үшін ауруханаға жеткізілді.