Польша теннисшісі Ига Швёнтек алғаш рет Уимблдон турнирін жеңіп алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Финалда ол америкалық Аманда Анисимованы (WTA №12) ойсырата жеңді – 6:0, 6:0. Кездесу небәрі 57 минутқа созылды.
Айта кетейік, Анисимова осы турнирді Юлия Путинцеваға қарсы дәл осындай есеппен – 6:0, 6:0 есебімен бастаған еді.
Бұл — Швёнтек үшін Уимблдондағы алғашқы титул. Бұған дейін ол төрт рет “Ролан Гаррос”, бір рет US Open турнирлерін жеңіп алған.
Еске сала кетейік, Уимблдон турнирінде 2022 жылы бұл жарыстың жеңімпазы қазақстандық Елена Рыбакина болған еді.