Бұл ақпаратты трансферлік инсайдер Фабрицио Романо өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында растады.
Журналистің мәліметінше, трансфер құны 58 миллион еуроға бағаланып отыр, ал ойыншының келісімшарты 2030 жылға дейін есептелген.
«Мадуэке – Арсеналдың ойыншысы. Құжаттар рәсімделіп жатыр, тараптар толық келісімге келді», – деп жазды Романо Twitter парақшасында.
22 жастағы шабуылшы 2023 жылы «Челси» құрамына қосылып, команда үшін барлық турнирлерде 41 матч өткізіп, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Бұл трансфердің айналасында әлеуметтік желілерде үлкен шу көтерілді. «Арсенал» жанкүйерлерінің бір бөлігі Мадуэкенің келуіне үзілді-кесілді қарсы шықты. Change.org платформасында пайда болған петицияны 3 мыңға жуық адам қолдап, оның «Арсенал» жейдесін киюіне қарсы екенін білдірді.
Петицияда нақты себептер көрсетілмесе де, жанкүйерлер Мадуэкенің ойыны мен тәртібіне күмәнмен қарайтыны аңғарылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.