in

Қазақстандық әнші “Славян базары 2025” байқауының жеңімпазы атанды

“Славян базары 2025” орындаушылар конкурсының Гран-приін қазақстандық әнші Алмагуль Батталиева жеңіп алды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Әнші өзінің парақшасында: “Сүйінші! “Славян базары 2025″ Гран-при Қазақстанның еншісінде”, –  деп қуанышымен бөлісті.

Ол жеңіске жету үшін 8 жыл үздіксіз дайындалған. Алмагүл Батталиева финалда “Вечность” әнін орындаған. Байқау барысында ол вокалдық тұрғыдан күрделі, әлемдік және ресейлік хит әндерді орындап, ең жоғары ұпай жинады.

Байқауда бірінші орынды Беларусь елінің әншісі Валерия Бернатович, екінші орынды Армениядан Давид Киракосян мен Италиядан Доменико Барбера алды. Үшінші орын иегерлері  ресейлік Эрик Ахметов пен Қырғызстаннан келген Рыскелді Старбеков иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.