in

Танымал қазақ боксшысы Ыстықкөлге батып, көз жұмды

Қазақстандық бокс қайғылы жағдайға тап болды. Жақында Ыстықкөлде шымкенттік спортшы Ибрахим Ирисматов суға батып, көз жұмды. Ол 2003 жылы туған. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы  хабарлайды.

Оқиға болған сәтте сол маңда 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының оқу-жаттығу жиындары өтіп жатқан.

Бокс федерациясының мәліметінше, қаза тапқан жігіт бұл жиынға қатыспаған, демалуға барып, басқа демалыс базасында тұрған. 9 шілде күні марқұмның денесі туған жеріне жеткізілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.